Айырлар – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Айырлар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1326
Батылдау сал айырыңды, сал былай:
Копаң етіп көтерілсін шөмеле.
Көлеңкеңнен қимылыңды аңдымай
Бер еркіңді мынау шымыр денеге!!
Пай-пай-пай-пай! Білек қандай! Білекті
Таудың күні бір-ақ сүйіп түлетті.
Мұрын анау... мұрын «құртты» бетіңді –
Аршылмаған картопия секілді...
Тер шыққанда сергиді-ау бір бой ғажап.
Шөмелені жөнелесің ойнап ап.
Тек қиқым-шөп құйылғанда мойынға
Айыр беру – ұқсамайды ойынға.
Шөп сылдыры, айырлардың сумаңы,
Тұла бойда талшық ет боп тулады.
Айыр, айыр...
Жылт-жылт етіп көтерілді төрт жұлдыз,
Бір айырдың төрт жұлдыз – төрт бұтағы,
Ол көтерсе бір айыр шөп жоғары,
Бар аспанды көтергендей болады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айырлар өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Айырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері