Сауал мен жауап

Бұл бетте «Сауал мен жауап» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1177
Қайнай ма қаның,
Жан – жақтан қаптап,
Жаныңды жесе сауалдар,
Сабырдан басқа,
Сынаптай сынақ,
Сауалға қандай амал бар?
Тұнықты лайлап,
Тіршілік алға
Тартады талай сұрақтар,
Шырмауық уақыт,
Шырқатпай еркін,
Сүрінген жоқ па пырақтар?
Күнәлі болып,
Қалуың оңай
Жасамай ешбір жамандық,
Өкпелеп қалып,
Күйелей салу
Күйкілер үшін – мамандық.
Не деген шексіз,
Бітпейтін өңкей
Қайшылық еді, апырмай...
Құдайға сен де,
Жүре бер алға,
Басыңды онша қатырмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауал мен жауап өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сауал мен жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауал мен жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауал мен жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері