Шығыстағы ару қыз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шығыстағы ару қыз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1793
Жаралған ба ақ сезім, таңнан-нұрдан,
көрген адам қиялдай арман қылған,
бір ару бар Шығыста Тұрсындайдай,
өнерімен әлемді таңдандырған.
Қайырмасы:
Балғын дене, гүл шырай,
мүсінінің мінсізі-ай!
Шуақ шашқан Шығыстан
таңғы нәзік нұрсың-ай,
айналайын Тұрсынай!
Шыға келсе жарқ етіп, таң атқандай,
демің тартып қарайсың тағат қалмай.
Әр қимылы — әсем ән, әуезді ырғақ,
аққу жүзіп айдында баратқандай.
Қайырмасы.
Көзі қандай — еліктің жанарындай,
белі қандай — өріктің сабағындай!
Алма мойын, ай қабақ, ақша маңдай –
көріп пе едің сұлуды дара мұндай?!
Қайырмасы.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығыстағы ару қыз өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Шығыстағы ару қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығыстағы ару қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығыстағы ару қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері