Ешкі мен есті – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ешкі мен есті» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1072
Қайрат Айдархан ініме

Жемейтіні жоқ деуші едік ешкінің
Кеше ғана емші інімнен естідім...
Шек,шек деген үн шыққанша кешқұрым,
Білдірместен тірі жанға еш бірін,
Дала кезіп, тау мен таста секеңдеп,
Таңдап жейді алты жүздей шөп түрін.
Табиғаттан таңдап тауып қорегін,
Теріп жеген тек өзіне керегін,
Жұқтырмайтын басқа малдай ауруды,
Білеміз бе тазалықтың дерегін?
Кім біледі, бәлкім тосын естілер,
Тек керегін жейді екен ғой ешкілер,
Бәрін, бәрін талғамастан жеп жатқан,
Не дер екен бұл жайында естілер?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешкі мен есті өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ешкі мен есті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешкі мен есті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешкі мен есті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері