Тағдыр мен төрелік – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Тағдыр мен төрелік» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1219
Кім бақытты, кім бақытсыз,
Жан білмейді жалғанда,
Құдай берер төрелігін
Қияметке барғанда.
Билік айтып білгішсініп,
Килігеміз тағдырға,
Күйіндіріп айналаңды,
Күйер отың жандырма.
Өзімізден өзгелерге,
Мінездеме береміз,
Күйе сөзге көзді жұмып,
Лезде, демде сенеміз.
Интернетте итше талап,
Талқылаймыз теледе,
Пенделердің қаңқуына,
Өмір өзен көне ме?
Өз жолыңмен жүре бермей,
Жұмысың не басқада?
Кіре алмайды өзге өмірге,
Сен түгілі, патша да.
Тағдырларға билік айтып,
Тартамыз кеп безбенге,
Өзгелердің жан сезімін,
Не табасың езгенде?!
Жамандығын жан-жағыңның,
Жіпке тізу жөнің бе,
Олай болса, белгілі ғой,
Адамдығың сенің де?!
Жамандығын өзгелердің,
Өзек етпей сөзіңе,
Жақсылығын дүниенің,
Тілесеңші өзіңе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр мен төрелік өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр мен төрелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр мен төрелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр мен төрелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар