Ақынның бастығы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ақынның бастығы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1051
Өлеңшілердің
Өтірік күлкі, күңкілі,
Шалқытпай қоймас,
Шалағай шенді шіркінді,
Жиында үлкен,
Билікте жүрген біреуді,
Ақындардың да,
Бастығы деді бір күні!
Ақындық деген
Өзгеше әлем, патшалық,
Мұратқа жетпес,
Лауазым қуып, ақша алып.
Беделін ойлап,
Өлеңін исе билікке,
Қалмай ма жасып,
Қадірі қашып,
Ақсап ұлт.
Жүгіртсең ойды,
Ғасырдан ғасыр тереңге,
Бай мен би, ханың,
Ақынға пәлен деген бе?
Қалайша біреу
Бастығы болып ақынның,
Өкімін енді,
Жүргізбек еркін өлеңге?
Аруағын жырлап,
Қарғытқан таудан атын ғұн,
Найзасы – дастан,
Қылышы – толғау батырдың,
Бетінен қақпай,
Арқадан қаққан ақынды
Көшпенділердің
Аттайды ата салтын кім?
Бүгін де, тіпті,
Бауырлар, біліп жүріңдер,
Мастығы болар,
Бастығы бірақ,
Болмайды нағыз ақынның!
Сыймайды өлең,
Зынданыңа да, заңға да,
Тыя алмас оны,
Қаһарманың да, хан, қара,
Адамның рухы
Азаттық алып заманнан,
Самғайтын кезі
Дұға мен өлең, ән ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның бастығы өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ақынның бастығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның бастығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның бастығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері