Күзді кешіп келемін – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Күзді кешіп келемін» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3870
Күзді кешіп келемін мен...
Үнсіз.
Сыбдырлайды сарғайған бақ,
Мұңсыз,
Ойға шомып, жай табады,
Жаның,
Табиғатта бәрі заңды,
Мінсіз.
Жапырақтар жерге қонар,
Қалқып,
Қызыл, сары, саф алтындай,
Балқып,
Судырлайды, сыбырлайды...
Сабыр,
Уақыт емес, сайран салар,
Шалқып.
Шарпып бізді күздің ізгі
Демі.
Күрсінердей, іздейсің деп,
Нені?
Күз дегенің іздегенге,
Ғажап,
Жемісі мол, ақыл-ойдың
Кені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзді кешіп келемін өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Күзді кешіп келемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзді кешіп келемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзді кешіп келемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері