Сал Біржанның соңғы әні – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сал Біржанның соңғы әні» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1844
Ғайыптан
Құйылып кеп,
Ғұмыр жайлы,
Бір әуен...
Маза бермей...
Ыңылдайды...
Сал Біржан,
Сайраған ән,
Байлаулы күй,
Ой – арман,
Жанында – мұң,
Мұңы – қайғы.
Дүние,
Ылайланды,
Шыр айналды,
Шашылып
Шартарапқа
Шырайлы әні,
Шаттығы
Сал дәуреннің
Бұл-бұл ұшып,
Мәңгілік
Сауал жауап
Сұрай қалды.
Саналдың
Жақсылардың
Санатында,
Самғадың
Аққу әннің
Қанатында,
Не таптың,
Нені іздедің,
Не бітірдің?
Қас-қағым
Екі дүние
Арасында?!
Жыршысы
Кең даланың
Жүйрігі еді,
Есебін
Түйіндер кез
Бүгін келді,
Дариға,
Ал, дүние,
Арпалысып...
Күрсінді,
Тебіренді,
Күңіренді.
Көңілін
Алай-дүлей
Орай берді,
Ағылып,
Ақтық әні
Борай берді,
Әлемге
Керегеден
Көз жүгіртіп,
Сал Біржан
Соңғы жырын
Толғай берді.
Шын өнер
Тебірентер
Жаны барды,
Тым биік,
Тұңғиығы
Танылады,
Сал Біржан
Салып кеткен
Сарын мен сөз,
Халықтық
Қазына боп
Табылады.
Өмір – жол,
Өнер – өріс,
Шексіз ғайып...
Мәңгілік
Біз білмейтін
Мәні бар-ды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сал Біржанның соңғы әні өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сал Біржанның соңғы әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сал Біржанның соңғы әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сал Біржанның соңғы әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері