Тұңғиық көзімде
Бұл бетте «Тұңғиық көзімде» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімімді бағаламағаныңды,
Махаббатымды табалағаныңды,
Өзіңнен көр.
Сені шексіз сүйетіндігімді,
Сен үшін отқа күйетіндігімді,
Көзімнен көр.
Мені мұңға батырғаныңды,
Шарасыздықты шақырғаныңды,
Өзіңнен көр.
Бақытыма сені балағанымды,
Шұғыла болып тарағанымды,
Көзімнен көр.
Биік деуші едім, аласалығыңды,
Кеудеңе толған нала-сарынды,
Өзіңнен көр.
Тұңғиық сынды тереңдігімді,
Сезімге берік ерендігімді,
Көзімнен көр.
Жанымның шамын сөндіргеніңді,
Төбемнен түнек төндіргеніңді,
Өзіңнен көр.
Сені мәңгіге кешіретіндігімді,
Жібек самалдай есілетіндігімді,
Көзімнен көр...
Көзімнен көр!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі