Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды – elmiradonbayeva

Бұл бетте «Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты elmiradonbayeva жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды
Авторлық өлең жолдары

«Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі Донбаева Эльмира Базарбаевна

Аспан – бұлтты, бала – жетім, ана – жесір,
Сұрапыл заман өтті небір кесір.
Даланың бейқам бұзған тіршілігін
Жеңген атам – қазағым зұлымдығын.

Төңіректі шолған ол зұлым заман,
Қыршын кетті қанша жас, неше адам.
Ұрпағының бейбіт өмір сүруі үшін,
Жасалды қанша бейнет, қанша қадам.

Сұрапыл, сұм соғыста ерлік қылған,
Әр адам, нағыз батыр, батыр-жылдар.
Атамның әр ерлігін, әр қимылын,
Өлең етіп жазамын қанша жылдар...
Бұл ерлік ешқашан да еш кетпейді,
Ешкімде ұмытпайды, шеттетпейді.
Бүгінде көзі тірі ардагерлер,
Мәңгілік жасаса екен деп тілеймін.
Мың тағзым ата-баба рухына,
Разы болсын бір Алла деп тілеймін.

Тәуелсіз, даңғыл елміз күні бүгін,
Елім тыныш, ұлт тыныш – ұлылығым.
Әр сәбидің тыныш ұйықтағандығы,
Несібесі балалардың соны ұғын.
01.05.2020 жыл
Сағат 03.50


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды өлеңінің авторы кім?

elmiradonbayeva — осы өлеңнің авторы.

Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде elmiradonbayeva өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар