Қостаған – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қостаған» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1139
Екі жол өлең жазуды бір кез бастағам,
Ат қойдым енді қысқа да нұсқа – қостаған!
***
Сияқты толы тостаған,
Артық сөз жырға қоспаған.
***
Жанын ұқсаң, адамның бәрі жақсы,
Жынына тисең, айналады жаманға!
***
Бой алдырма қисық ойға қаңғыбас,
Жарға жығар, жұмысың да мандымас!
***
Күнә дейді көмескі ойды күмәнді,
Күмәнді оймен көрген күнің тұманды!
***
Көркемдік қашар көңілден,
Керілген кезде көкірек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қостаған өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қостаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қостаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қостаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері