Алаштың Арыстаны

Бұл бетте «Алаштың Арыстаны» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1331
Арыстан Ғазалиевке

Армандап,
Айға ұмтылған таза, биік,
Аталы сөзін тыңдар
Қазақ ұйып,
Алпыс алты жасыңыз
Құтты болсын,
Ғаламдағы
Ғажайып Ғазалиев!
Арыстанның іщінде
Данышпаны,
Данышпанның ішінде
Арыстаны
Арыстарын
Алаштың жалғастырған,
Асылдардың сынығы
Алыстағы!
Ғалымдардың ішінде,
Академик, докторы,
Докторлардың ішінде,
Көш бастаған ректоры,
Ректорлардың ішінде,
Биік тұрған шоқтығы,
Тура жолмен нық басқан,
Қисаймаған векторы,
Ата болған шағында,
Жарқыраған от түрі.
Ректор жүрсе ғылым деп,
Биік мақсат білінбек,
Ұстаз төксе шуағын,
Шәкірт іздер білім көп,
Бетін ғана қалқымай,
Терең қазып, түбірлеп,
КарГТУ-ды қарғытып,
Қырдан қырға дүбірлеп,
Оңға бастап Арыстан,
Даңқы шықты дүрілдеп!
Жемісті көктемде егіп,
Күзде жеймін,
Деген ғой аталарың,
Сөзге бейім,
Жеміс пісіп,
Өрісің кеңіген кез,
Құдайым
Ғұмыр берсін, сізге деймін,
Бағыңыз баянды боп,
Бағланыңмен,
Балдардың
Қызығын көр жүзге дейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаштың Арыстаны өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Алаштың Арыстаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаштың Арыстаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаштың Арыстаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері