Қайран, дүние! – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қайран, дүние!» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2089
Өмір бізді сындыруда,
Сынауда,
Шама да жоқ
Шыңғыруға,
Жылауға,
Боз қыраулы белден асқан
Құландар,
Белгісіздік
Құрдымына құлауда!
Қайран досым,
Қара нардай Рақымжан,
Айнымайтын
Аңыздағы батырдан,
Қасиетті
Қазақ сөзін танытып,
Жарты әлемге
Жол тартып ең жасыңнан,
Қиындықтан
Қаймықпадың, қайтпадың,
Өтті соғып,
Не бір құйын басыңнан,
Қалды артыңда,
Алатау мен Алтайың,
Атырауың,
Ақ толқыны аһ ұрған,
Енді өзіңе,
Нұр иман боп құйылсын,
Жан шуағың,
Туған елге шашылған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран, дүние! өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қайран, дүние! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран, дүние! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран, дүние! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері