Балапандарым – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Балапандарым» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 5927
Балаларым, бақытым, балдырғаным,
Мейірімді иіскеп қандырғаным,
Күн нұрындай күлімдеп көңілімде,
Жұлдызымды көгімде жандырғандарым!

Қайырмасы:
Балдай тәтті қылығы балақандарым,
Қандай жұмсақ кішкентай алақандарың,
Биігіне өмірдің талпынғанда,
Қанаттарың талмасын балапандарым!

Шат күлкіңмен басылып шаршаганым,
Қуанғаннан жаныммен ән саламын,
Аман-сау боп, алдыңнан шыға берсін,
Армандарың, өмірде аңсағандарың!

Қ-сы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балапандарым өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Балапандарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балапандарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балапандарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері