Көктем көңіл – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көктем көңіл» атты Баянғали Әлімжанов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1879
Нұр шашып жүруші едің жан-жағыңа,
Апырмай, қатулана қалғаның ба?
Қабағың түйілгені жараспайды,
Не болған демей ме жұрт жан жарыңа?

Қайырмасы:
Ғайыптан,табиғаттан бірге жеткен,
Егіз күй, егіз ұғым қыз бен көктем,
Құлпырып, қуанғанда шын жүректен
Жалғанда сұлулық жоқ сізден өткен!

Ақынның ұнап кетсе күшті өлеңі,
Арулар аққу қанат түс көреді,
Екі қыз өкпелесе жаңбыр жауып,
Үш әйел ашуланса қыс келеді!

Қ-сы:

Әйелдер ызаланбай, назданады,
Әй-әй деп, алдап қойсаң мәз болады,
Қыз күлсе қызғалдақтар қыста гүлдеп,
Қар басқан мұзды көлге қаз қонады!

Қ-сы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем көңіл өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Көктем көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем көңіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері