Бұл бетте «Сұлтанмахмұт қабірінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкірегіңді шер көміп,
Өлең болып өртеніп,
Жиырма жеті жасында
Кеттің, сабаз, ерте өліп.
Өртенген ай шоғындай,
Бір суынып, бір қызып,
Жаздағы жай оғындай
Өттің көкті бір сызып.
Көкірегіңде кек-намыс,
Салған жара қара түн,
Көрінді де кетті алыс
Күнге жайған қанатың.
Жастай өліп кетсең де,
Дейді шулап — ол тірі.
Жүгірген жел тепсең де.
Торыайғырдың толқыны.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі