Мұнайшы әні – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Мұнайшы әні» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 4503
Мұнай жерден құдай берген нәсібім,
Мұнайшылық мәртебелі кәсібім,
Жасырынған жер астында жеті қат,
Қазынаның біз аламыз асылын!

Мұнаралар маң далада мұнартқан,
Көк теңіздің түбін тесіп, тулатқан,
Бұрқыратып от-жалын мен көбігін,
Бұлтты қуып, көк пен жерді шулатқан!

Қайырмасы:
Адал еңбек болмасын деп қиын сын,
Ел тілегі бір арнаға жиылсын,
Қара алтыны қазағымның құт болып,
Берекелі ұрпағына бұйырсын!

Халқымызды қарық қылған мұнайға,
Мың рахмет жаратушы құдайға,
Байлығың мен бағың болып баянды,
Мұнайшы мен мұнай барда мұңайма!

Апта бойы тыным таппай вахтада,
Қайыстаймын, күн қақтаған қап-қара,
Ел байлығын алып берем қайыспай,
Ішің білсін, мақта, мейлі мақтама.

Мен де қара, мұнай қара, жер қара,
Қара қазақ мекендеген кең дала,
Марапаттап мұнайшы мен мұнайды,
Қара алтын деп атап кеткен ел дана!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнайшы әні өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Мұнайшы әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнайшы әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнайшы әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері