Жолда – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жолда» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1945
Көшеде көп көлік,
Байқа бәрін көріп,
Өтем деме жолдан
Бөгелместен желіп.
Қызыл жанса – тоқта,
Түспе тура отқа,
Сары жанса, саспа,
Сабырыңды сақта.
Жүгір жасыл жанса,
Жұртпен бірге барша,
Жасыл жанбай, жүрме,
Асықсаң да қанша!
Өткен кезде жолдан,
Қара әуелі солға,
Ортасына жетіп,
Бір қарап ал оңға!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері