Бұл бетте «Ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
21.07.2019
0
0
2353
Тынық түнде төбеңде
Төгіп тұрар ай нұрын.
Тұнық көлдің төменде
Тербетеді айдынын.
Ай сәулесін ақ күміс
Айналаға төгеді.
Манаураған бақ тыныш,
Тау да ұйқыға енеді.
Нұрландырып бетіңді
Ай сәулесін шашқанда,
Прожектор секілді
Жанып тұрған аспанда.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі