Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде

Бұл бетте «Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде» атты Бақыт Беделханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2983
Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде,
Себепсіз жүре алмайсың біреуің де.
Бағың жүр.., жақсылардың жүрегінде,
Сорың жүр.., жамандардың тілеуінде.

Бәрі бір, бақ па сор ма қай-қайсысы
Жалдап жүрген жаныңның айғайшысы.
Күреңін мінгізсе де Күндей кісі,
Ақбозын мінгізсе де Айдай кісі…

Жетпейді Өгізіңе өзің мінген,
Өзің мінген Өгізге сөзің жүрген.
Қайтесің кісінікін кісінетіп,
Өз ғұмырың… басқадан безін, мүлдем!

Мені де дедектетті мына тағдыр,
Жылатып, өзімді өзім жұбатам құр.
Сұратып менде жоқты, желеу етіп,
Жетім өкпе көңілімді құлатар бір…

Білмеймін, не десе де мына жазған,
(Қашанда білем, білем, шыдам озған)
Мен қалай шат күлкіні өшіре алам,
Десе де, …ұрланып кеп ұра қазған.

Қарғам-ау, не боп кетті мына жолым?
Мына жол көрсетпей тұр құба жонын.
Өтпейді-ау, өкініштің өтпелеңі,
Жетпейді-ау, шын бақытқа сірә, қолым!..

Сонда да бұл — сиқырдың сыры мұң ғой,
Сол мұңға батқан менің шырылым ғой.
Бірақ мен бақытсызбын дей алмаймын
Өйткені, Ол — менің ғана ғұмырым ғой..!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде өлеңінің авторы кім?

Бақыт Беделханұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыт Беделханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері