Өмір маған
Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.
Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді.
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді.
Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді.
Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi.
Өмір маған кейде бір от сияқты,
Жылысын алғым келеді.
Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты
Өліп калғым келеді.
Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,
Күнде көргім келеді.
Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді.
Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді.
Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді.
Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді.
Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.
Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді.
Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.
Маржан
Рахмет!
Маржан
Рахмет!
шугила
көп көп рахмет
шугила
көп рахмет.
Ақбоа
Маған ұнады
Ақбота
Өте керемет
Куанышбек аружан
Маган унады. Оте оте.
Нұрсәуле
Керемет ,тамаша
naz20.06
Kuwtiiii
Жания
Керемет
Анель
Күштііі????????
Диана
Өте керемет браво
Алма
Оте керемет
Ера
Мағыналы өлең
Ақмарал
Керемет маған қатты ұнады
Сәуле
Ия,керемет өлең жолдары, өмір осылай бірде күліп, бірде жылап, бір құлап,бір тұрып
Айжан Қ
Тұманбай Молдағалиевтің «Өмір маған» өлеңі – адамның өмірге деген құштарлығын, ішкі толғанысын әдемі суреттеген туынды. Әр шумақта өмірдің қыр-сыры тау, жау, бел, шөл, от, дос, жар, сұлу қыз секілді әртүрлі бейнелермен көрініс тапқан. Өмірді бағындырғың келіп, онымен күресіп, одан жылылық іздеп, оны еркелеткің келуі – адамның жан-дүниесіндегі күрделі сезімдерді дөп басқан. Әсіресе соңғы «Өмір маған кейде өзім сияқты, Өмір сүргім келеді» деген жолы өлеңге айрықша мән беріп тұр. Әр оқыған сайын жаңа әсер сыйлайтын керемет өлең!