Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 997
Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің,
Өзгереді кей шақта ойға еккенім.
Ашуымды басасың орынсыз деп,
Сыймай қалды былтырғы көйлектерің...
Болса да сәбиліктің шарты басым,
Өзіңше ой айтуға талпынасың...
Болмаған кездеріңе артып жүрмін,
Мен қазір болмысымның бар кінәсін.
Алаңдап тірлігіңнің әр қамына,
Бой бермей түрлі ойдың салмағына,
Егер сен сәл ертерек туған болсаң,
Болмас па ед шаштың аппақ талдары да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері