Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Мұңайма» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар —
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
Актоты
Керемет жазылган.
Айдана
мунайма олени нешинши жылы жазылды махамбет отемисулынын олени
Асылан
Термесін қайдан скачат етуге болат
Динара
Шынындада керемет жазылган
Акжаркын
Тамаша
ИКЕТАЙ
Алла деп айтпаған .