Туған тіліме

Бұл бетте «Туған тіліме» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3014
Етектегi тасыңды
өрге апарсам деп едiм,
есiктегi басыңды
төрге апарсам деп едiм,
өз елiнде өгейлi,
кiсi үйiне кегейлi,
кенезелi күйiңе
көл қотарсам деп едiм.
Бұлт басқан көгiңдi
нұр жайнатсам деп едiм,
тереңдегi кенiңдi
күнге ойнатсам деп едiм,
кеуiп қалған көнiңдi
қымыз құйып жiбiтiп,
құлақ құрышын қандырып,
сырнайлатсам деп едiм.
Көгендегi қозыңды
жамыратсам деп едiм,
ошақтағы қозыңды
тағы жақсам деп едiм,
қорамсаққа қол салып,
қозыжауырын жебеңдi
темiренiн тебiрентiп,
жауыңа атсам деп едiм,
терезеңдi теңелтiп,
керегеңдi кеңейтiп,
қабағыңды қайтадан
жадыратсам деп едiм,
қайран, Ана тiлiм!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған тіліме өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Туған тіліме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған тіліме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған тіліме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері