Балға

Бұл бетте «Балға» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1811
Көкiрегiмде дүрсiлдеген
Балғамды
Алла Тағаладан алғам-ды,
қара төске қарсы салғам-ды,
жалпағынан жаншып жалғанды.

Талпынып жүрiп арманға,
темiр етiктен -
түймедей,
темiр таяқтан -
тебен инедей қалғанда
сынасы ұшып,
сыр бердi менiң Балғам да.

Қара темiрден қан шығып,
қамырдай өзi жаншылып,
қайдағыны сезiнетiн,
қайғыратын,
езiлетiн болды бұл Балғам.
Тiзелiнi бүгiлтiп,
мойындыны иiлтiп,
маған да жеттiң сұм жалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балға өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Балға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері