Тауқыметің зор болды – Иран-Ғайып

Бұл бетте «Тауқыметің зор болды» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1771
Тауқыметің зор болды,
Не көрмедің, Торғайым?!
Көк аттыға қор болды,
Көгергенің – әрдайым!
Жемітіндей Жебірдің –
Жезің, Күміс, Алтының.
Көркін ашар Өмірдің –
Жаз Күніндей Жарқыным.
Сыр Бойының сәлемін
Ала келдім Жеріңе.
Кеңейіп тар Әлемім –
Басымды идім Еліңе.
Темір-тәртіп – тізгіннің
Тепкісінен қорғайын?!
Тырнағынан құзғынның
Абай болғын, Торғайым?!
Бар ма Ақынның айыбы –
Ет-жүрегі езілген?!
Барлық пәле дәйімі –
Басталады Өзіңнен...
...Батырыңды жайратып,
Жата көрме, Торғайым?!
Ақыныңды айдатып,
Ата берме, Торғайым?!
Жер-Суыңды сауықтап,
Қалың кірме қаптаса,
Бір амалын тауып бақ –
Халық па амал таппаса?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауқыметің зор болды өлеңінің авторы кім?

Иран-Ғайып — осы өлеңнің авторы.

Тауқыметің зор болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауқыметің зор болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иран-Ғайып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауқыметің зор болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері