Бұл бетте «Жаза» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алладан деп не болса да алдымен,
Азапқа сап сансыраттым жанды мен.
Құс қайтқанда қиқулайды жүрегім
Уысында тағдырымның қан-күрең.
Құлақ тұнып керней менен дабылдан,
Бүкіл патша аударылып тағынан.
Ақын біткен Абылды іздеп өксиді,
Жаратылған қара жүрек Қабылдан.
Не дейді бұл ессіз көңіл...
жел түрген —
Өзім қашып өзім жаққан өртімнен.
Қу жанымды қоярға жер таптырмас,
Қабылға ұқсап Абыл бауырын өлтірген.
Құлақ түнар керней менен дабылдан...
(Сол бір сәтті жалғыз сіз бе сағынған!)
Шын патшаға мың патшаның атымен
Абыл жаулап алатын күн Қабылдан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі