Маралтай Райымбекұлы

Маралтай Райымбекұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев (1.5.1969 ж.т., Сарысу ауданы, Игілік ауылы) – ақын. 2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі. Өлеңдері 1987 жылдан бастап республика басылымдарда жарияланып келеді. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996) мен екінші жинағы «Ай» (2000), «Жазушы» баспасынан шықты. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Жастар одағы (1981) және мемл. «Дарын» жастар сыйлығының (2000) лауреаты. 1997 – 1999 жылдарғы ҚР Президенті стипендиясының иегері. Республика бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері