Зоологиялық терминдер

Бұл бетте «Зоологиялық терминдер» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4770
Аядай ғана айналып болмас жасымда;
Түлкіні көргем мәз болып күлген миықтан,
Қаншықты көргем қорқауларменен ұйққан.
Қартайған шақта қиядан құлап өлетін,
Қыранды көріп, көзінен сұмдық күй ұққам.
Бұлбұлды көргем көкектер үшін ұялған,
Есекті көргем тұлпардан озып сый алған.
Мегежін көргем ақылды туған бірегей,
Қарызға сұрап тауықтан титтей ми алған.
Борсықты көргем қарны мен мойны бір біткен,
Қанденді көргем пілдерді үріп үркіткен.
Күлейін десем көзімнен қаным тамады-ау,
Қарғалар әлі ойнап жүр көкте бүркітпен.
Безіндім мен де мына бір қара қоғамнан,
Әділет іздеп жүріппін бекер заманнан.
Маймылдар сынды айнаға сәлем беретін,
Наданды көргем аумайтын сырты адамнан.
Кәпірді көргем қой мінез елді құл тұтқан,
Пендені көргем құдайдан өзін зор тұтқан.
Заманды көргем аждаһа сынды у бүркіп,
Қасқырдай бейне күнәсіз қанды қылғытқан.
Сен-дағы, ол да, бәрің де мұны білесің,
(Жылайтын іске несіне, достым, күлесің!)
Бір тамшы қаным түбінде қатты жүректің,
Қоғамнан көріп кесапат үкім үлесін.
Мендей-ақ сүйсін қоғамын сүйсе, кім егер,
Қоғамың азса айтпай-ак, бәрін біле бер.
Құдайдың, әттең, қуаты жоқ қой қолымда,
Пенденің бәрін пайғамбар етіп жіберер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зоологиялық терминдер өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Зоологиялық терминдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зоологиялық терминдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зоологиялық терминдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері