Көл жағасында – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Көл жағасында» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1828
Көл маңайы. Қалың тал. Қамыс-қоға – жағасы,
Құжынаған шіркейге толып тұрған арасы.
Тышқандардың індері, құмырсқаның илеуі, қаз-үйректің ұясы,
Таусылмайтын тіршілік қайнап жатыр, қарашы!

Көбелектер ұшып жүр қанаттарын қағатын,
Инелік пен шегіртке, сона да жүр шағатын.
Көл бетінде сұңқылдап қаз-үйректер жүзіп жүр,
Қанатымен ұшса да, құйрығымен қонатын.

Шалқар көлдер тұңғиық жанарындай даланың,
Жоламасын жалғанда деп тілейсің нала-мұң.
Көл жағасы адамның тірлігіне ұқсайды,
Салыстырып қара да, түсініп ал, қарағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көл жағасында өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Көл жағасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көл жағасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көл жағасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері