Атқа қонған, топтан озған кездерім – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Атқа қонған, топтан озған кездерім» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1147
Атқа қонған, топтан озған кездерім
Қызғанышы болды кейде өзгенің.
Біреулерге шаншу болып жабысты
Қаңтардың да суығына төзгенім.

Биге шыққан кезімде де екі жеп,
Түсінбедім тұрғанын жұрт не тілеп?!
Көңіл, шіркін, талпынса да жоғары,
Сенім бір күн сала берді сетінеп.

Көп болса да жоғалтқаннан тапқаным,
Жарылса да сірескен мұз қап-қалың,
Қымбат маған асфальт емес, далада
Жусан иіскеп, жаяу жүрген шақтарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атқа қонған, топтан озған кездерім өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Атқа қонған, топтан озған кездерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атқа қонған, топтан озған кездерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атқа қонған, топтан озған кездерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері