Ұқсамаймын неге мен басқаларға – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Ұқсамаймын неге мен басқаларға» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2112
Ұқсамаймын неге мен басқаларға,
Басқаларға ұқсауға жасқанам ба.
Тосқауыл боп жолымда тосып тұрған
Тау ма, су ма, орман ба, тас па, жар ма?!

Өліп-өшіп жанады білте неге?
Жарығы жоқ шыққандай күн төбеге.
Бірдей болып сырт көзге көрінсе де,
Ұқсамайды бір төбе бір төбеге.

Кірген сөз де әртүрлі бұл құлақтан,
Ішкен су да әртүрлі мың бұлақтан.
Бірдей болып сылдыры естілсе де,
Ұқсамайды жылға да жылжып аққан.

Ұқсаса да түр-түсім өзгелерге,
Ар-ұяттан күні үшін безген елге
Ұқсамайтын ойымды айтсам деймін,
Тамағыма лықсып сөз келгенде.

Биіктерге теңесер өре қайда?
«Болам десең – ұқсап бақ» деген ойда.
Ұқсаң болды сезімді жүректегі,
Ұқсамасам ешкімге, кінә қойма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсамаймын неге мен басқаларға өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Ұқсамаймын неге мен басқаларға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұқсамаймын неге мен басқаларға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұқсамаймын неге мен басқаларға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері