Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп

Бұл бетте «Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1572
Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп,
Жиын-тойда шұрқырасар дос та көп.
Тәнің тозып, бірақ, жүйке жұқарса,
Ойлай берсең, уайымың шаштан көп.
Қырау-сынды самайың да ағарса,
Шашың түсіп, қалсаң керек қасқа боп.
Ойын ойнап жүргеніңмен, гол салмай,
Қуып жүрген адамдайсың босқа доп.
Әліңді біл, әлімжеттік жасама,
Толған ыдыс шарасынан аспа көп.
Шамырқанба, адал досқа шамданба,
Басу айтса аспа және таспа деп.
Алыс жерден арнайы іздеп барғанда,
Қалмасын да елжіреген дос жүдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері