Тәуелсіз жыр! – Мұстафа Әуезов

Бұл бетте «Тәуелсіз жыр!» атты Мұстафа Әуезов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тәуелсіз өлең

Қайран менің көңілім мың арбалған,
Жалығып жалғыздардан, сыңарлардан,
Жыр іздеген тереңнен, мұнарлардан.
Кеудесінде табыт бар дәрменсізді,
Күйретуге неге осы құмар жалған?

Талас-тартыс кемсеңге тосқауыл кім?
Кіжінген көңілдегі тасбауыр мұң,
Басып бізді қояды тасқа бір күн.
Біздің ауыл иттері дамыл таппай,
Адамына үреді басқа ауылдың.


Өтірікпен өрбіген жаңалықтар,
Сөз айтпайды титтей де сана құптар,
Аспан мен жердей сірә аралықтар.
Сасыған сайтан атқыр саясатқа,
Жағынғанша жартасқа қадалып қал!


Қадалып қал секілді текті қыран,
Ақын жазсын сен жайлы отты бір ән,
Сонда көзсіз ерлікке жоқ-ты күмән.
Еңбегін еленеді елге сіңген,?
Бөріні көріппедің текке ұлыған.
Ақын біткен жырлап жүр махаббатты,
Жыр болатын батырдың жоқтығынан.

Басқа қырды көрсет тез күйік мұңнан,
Бөркің қайда өрлікті жиі ұқтырған.
Көзіне күллі ғарыш сыйып тұрған,
Қарындасың Қазақты елемей жүр,
Кәрісіңнен он саты биік тұрған.

Мен де бір Қазағым деп жүрген ермін,
Су сұраса сүт емес жыр берермін,
Поэзия жоғалса гүлденер кім?
Фариза апамызды жерлегенде,
Өлеңнің қасиетін бірге көмдім.

Алады талай жәйттер мазаны кіл,
Кеше қатты күрсінген азалы жыр,
Бүгінде әркімдердің мазағы кіл.
《Тәж-вирустың》 келуі тегін емес,
Шамырқанған - шабыттың - ажалы бұл!

Мұстафа Әуезов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіз жыр! өлеңінің авторы кім?

Мұстафа Әуезов — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіз жыр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіз жыр! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіз жыр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар