Жүрегімде басталғандай бір егес – Жанна Елеусіз

Бұл бетте «Жүрегімде басталғандай бір егес» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1969
Жүрегімде басталғандай бір егес..
Күн сәулесі жынға тиіп күлегеш,
жаңа жылда жұрт сыйлаған ақ Қоян,
сеніменен тілдесемін — тірі емес! –

Жанымды үнсіз суырады бір сұмдық!
Қара жер боп төселейін қашанғы…
Тек өзінің көкірегіне құл-шындық,
кеудеме әкеп гүл екпекші жасанды!..

Өкініштің суық қолын қаға алмай,
шырқыраған сенімдерім бар ізгі –
өліп бара жатқан гүлдің, өле алмай,
тұрған әлі жапырақтары тәрізді!

Не берейін, саған, жүрек, кепілге…
Шаршамаудан шаршап жүрмін өз басым…
Күрсінбейтін ойыншығым бетінде –
сүртілмеген қалып қойды көз жасым…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері