Жанна Д'аркше

Бұл бетте «Жанна Д'аркше» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 996
Арыларда кекті ойдан,
Ағарады қиық Ай...
«...Өртке қарсы өрт қойған,
Өреңіздің биігі-ай!

Өмір мәні – Өмірде!
Өңге одан сый күтпе.
Сыймай қалған Сенімге,
Серт пе, сынық Түйсік пе?

Соның және құны осы-ақ –
Сүю! ( ...емес сүйісу!).
Кімге сыйлар ләззат,
Күйген шаштың иісі?..

Күлер, күлер қосылып,
Күрсінер де, мұңданар...
Алаңқайда шашылып,
Алақандай күл қалар.

Шыдап, шыдап, шыдар Ар,
Шыңғырғанда шын, нағыз:
Кірпігіңіз шыланар,
Көзіңізді жұмбаңыз!!! »

Айта алмады ол күбірлеп,
Ақырғы ақыл Адамға:
– Алаңқайлар түбінде,
Айналады алаңға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанна Д'аркше өлеңінің авторы кім?

Қалмаханбет Мұқаметқали — осы өлеңнің авторы.

Жанна Д'аркше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанна Д'аркше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалмаханбет Мұқаметқали өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанна Д'аркше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері