Абай ескерткіш – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Абай ескерткіш» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3104
І
Тас болып тұрсың.
Өтеміз күнде осы арадан.
Өзіңнен басқа таппаймыз мұңдасар адам.

II
Абай ағамыз!
«Қазағым-ау» деп Сіз бізді көп аямаңыз:
Қатыгездікке келгенде қарайып әлі
Сабақ алатын жақсыны
Сабай аламыз.

Өтірік!
Жалған –аспанның астын кернеген
Бабаларымыз, меніңше, қасқырды ембеген:
Қақпанға түссе, тірсегін қиып кететін
Бөрінің серті сондықтан дәстүрге енбеген!

Қанағат та жоқ,
Рахымның ізі қалмаған,
Қайырым қылар дегенің – бұзық. Оңбаған.
Патшайым болар дейтіндей періште де жоқ,
Қу аяқ бар ма – қазақтың қызын алмаған!

Адамгершілік айырылды өз бағасынан,
Алдауға келсе, інісі озды ағасынан.
Түндіктен түсіп,
Кіндіктен қылмыс жасайтын
Түңіліп жүрміз қазақтың бозбаласынан.

Мұсылман таппай –отырар тізгін басында,
Тұлпарға тоқпақ таққан соң,
Құзғынға –сырға,
Құдайдан медет болмаса, қазағың әлі
Жылап көрісер, ей, аға, Сіздің ғасырға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай ескерткіш өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Абай ескерткіш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай ескерткіш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай ескерткіш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері