Өзімшіл өлең – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Өзімшіл өлең» атты Жүрсін Ерман жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3705
Бойы – биік,
Ойы – ұшқыр,
Өңі – тәуір
Азамат боп өссін деп елі таныр
Шайқы-бұрқы біреуді туа салмай,
Махаббатпен жаратқан мені Тәңір.

Өзіме-өзім секілді енді қазы,
Сол тәңірге боламын мен де разы.
Сөз ермейтін соңына сорлы емеспін,
Жараспайды мен жайлы әңгіме азы.

Анам сүйсе қуанып «құлыным» деп,
Сол махаббат жүктейді ұлы міндет.
Патшадан да еңсемді биіктеттім
Мен Тәңірдің сүйікті құлымын деп.

Махаббатсыз шырайы енбес үйдің,
Мені сүйген адамды мен де сүйдім.
Шөліркеген ерінім кезергенде
Мейірі бір қанбаған пендесімін.

Дос өкпелеп жатса егер, жар кінәлап,
Сүрінесің – болсаң да арғымақ ат.
Тарыдай мін таудай боп көрінсе егер –
Махаббатта болғаны бар кінәрат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімшіл өлең өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Өзімшіл өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімшіл өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өзімшіл өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері