Махаббатым қайда? – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Махаббатым қайда?» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 1
  • 2126
Махаббатым қайда?
Ол жасыл ма, әлде, қара ма еді?!
Неге ұмытты қызғалдақ, қыр, дала мені?
Қасыма қос жанары боталаған елік келді,
Ол да мендей жалғыз еді, жаралы еді.

Сезімім қайда?!
Жоғалттым. Сергелдең кешіп кеткені ме?!
Мың сан көбелектер жұбатқалы жаныма жетті егіле.
Мендей аушты көрдіңдер ме, ақ таңның аппақ сәулелері-ау,
Мәңгілік қол созған көктеміне?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Раиса

Бала күнімнен өлеңдеріңізбен таныспын. Ғажап өлеңдер.

Осы автордың басқа өлеңдері