Бозторғай – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бозторғай» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3935
Әдейі мынау қыр үшін
Оянып таңның алдында,
Даланың сансыз дыбысын
Көмейге құйып алдың ба?

Самалдың жұтып мөлдірін,
Шаншылып көкке шыққанда,
Далаңның мына кеңдігін
Айтасың ба ақша бұлттарға?

Қарайлап төмен сонда да,
Көзіңді жерден жазбайсың.
Өзің де кенет сорғалап,
Құйылып кете жаздайсың.

Тынбайды жырың толастап,
Осынша қайдан бітті күш,
Табиғат өзі о баста
Далама берген құтты құс?!

Жанымда бір күй дірілдеп,
Тұрдым-ау, балғын сезімде,
Кеудеме сіңген бір үнді
Қайталап айтқан кезіңде.

Төгілте шырқап әніңді,
Бозала таңнан құлшынып,
Кеттің-ау, қозғап қанымды,
Күнәсіз құйттай тіршілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозторғай өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Бозторғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозторғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозторғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері