Өлең, жыр, ақындар

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1045
Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ
Өзім деген өлең үміт тым жырақ.
Әйнегімде қырау биін қалдырған
Бүгін маған жалғыздығым құндырақ.

Сен келмейсің. Жеткізді оны суық жел,
Суық желмен жалғыздықты қуып бер.
Тоңғаным ба, құшағыңды аңсадым,
Ақ мамық қар мұңдарымды жуып көр.

Аспан алыс, одан сәлем мамық қар,
Қайың, терек күтулерден жалыққан.
Сені неге сонша сүйген екенмін?!
Дауа болмай дәрігер мен тәуіптен.

Жазға жетпей, күзге кетпей мұңдандым,
Енді қашан дауысыңды тыңдармын?!
Ақ болсаң да, бақ таппадым жалғыз қап,
Кешір ақ қыс, жесір бақсыз жындандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері