Жастық туралы

Бұл бетте «Жастық туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қызық қой жастың мінезі,
Қызу ғой оның жүрегі.
Әлемге жалғыз бір өзі
Иедей болып жүреді.

Лебізі жаздың лебіндей,
Ғажайып дүние сұлуы,
Көзі де күннің көзіндей,
Жылуы қандай, жылуы!

Көңілді жүрсе жайдары,
Кеудесі толы сенімге.
Арманын Іздеп қайдағы,
Талпынар тынбай көруге.

Күнге де ғашық, Айға да,
Құмартпай бір де жүрмейді.
Келмейді қауіп ойға да,
Қатерлер барын білмейді.

Ғашығын тапса болғаны,
Ұшады жаны биікке.
Таба алмай қалса қорланып,
Жатады жанып, күйіп те.

Қызық қой жастың мінезі,
Қызу ғой оның жүрегі,
Әлемге жалғыз бір езі
Иедей болып жүреді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастық туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жастық туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастық туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастық туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері