Тәубе – Темірғали Көпбаев

Бұл бетте «Тәубе» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2960
Бар ғаламға рахман нұрын таратқан,
Шүкір Тәңірім, тәубе, тәубе Жаратқан!
Осы күнге жеткеніме мың шүкір,
Күй тыңдаумен Өмір деген шанақтан.

Мың бір тәубе таңдар үшін әр атқан,
Шүкір деймін мұң көрмесем қабақтан.
Бергеніңе, көргеніме мың шүкір,
Жаппар Ием, жанды бөлек жаратқан.

Тәубе Тәңірім нығметіңе көрсеткен,
Адамдықты адалдықпен өлшеткен.
Шүкір деймін ұлтым Қазақ болғанға,
Маған басқа керек емес шен-шекпен.

Тәубе сырын білмес құлың емеспін,
Көк түрік боп көк аспанмен кеңестім,
Көкбөрінің рухын бердің, мың тәубе,
Көк туым мен Күнге қарап теңестім.

Шүкір Ием, нұрға тұнса көз алдым,
Ақын еттің, ар жолымен тазардым.
Шүкір, шүкір, өлең бердің өлмейтін,
Тура қарар көзіне де ажалдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәубе өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Тәубе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәубе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірғали Көпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәубе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері