Ардың аппақ түріндей ғой қар деген – Темірғали Көпбаев

Бұл бетте «Ардың аппақ түріндей ғой қар деген» атты Темірғали Көпбаев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.12.2019
  • 0
  • 0
  • 3135
Ақ көбелек қанаттары дірілдей,
Бұтақтарға қонып жатыр білінбей.
Ақ қайынды тербетеді тіршілік,
Ұяң қыздың ұйқыдағы түріндей.

Ақ жұлдыздар қонып жатыр сәндене,
Қар мен қыздың не қатысы бар деме.
Арулардың айнасындай ар деген,
Ардың аппақ түріндей ғой қар деген.

Ақ қайынды ару дедім ақмандай,
Күзден алып алтын жүзік таққандай.
Табиғаттың ет жүрегі елжіреп,
Жас келінге жаулық жауып жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардың аппақ түріндей ғой қар деген өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Ардың аппақ түріндей ғой қар деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардың аппақ түріндей ғой қар деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ардың аппақ түріндей ғой қар деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері