Ғарыш жақтың сәулесі – Темірғали Көпбаев

Бұл бетте «Ғарыш жақтың сәулесі» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3012
1
Көркем гүлге толған кезде қолатым,
Көкірекке кестелі мұң қонатын.
Өзегі кең өлең деген өлкеде,
Қиялымның қақтырып ем қанатын.

Үкі тақтым тұмар етіп ырымды,
Шоқтығына ой жалғадым ілімді.
Әлқиссамды әуенімен тербетті,
Сол қара өлең, бәз баяғы, бұрынғы.

Сол бір әуен жүрегімді тербеген,
Тұма болып тұнып жатты шерлі өлең.
Жалынымен жанға маза бермеген,
Ғарыш жақтың сәулесі ғой ол деген.

Тәтті әуендей естілетін кереңге,
Сәуле түсті жүректегі шеменге,
Өлең ғана жеткізеді көзіңді,
Ақын тағдыр ақиқаты дегенге.

2
Жабықтырса жадағай күн, жалған үн,
Ақиқаттың алдаспанын қармадым.
Таңдап берген сыйы ғой деп Алланың,
Мен өлеңге өмірімді арнадым.

Атақ-даңққа ұмтылмадым ел сынды,
Еңселі үйге жұмсағам жоқ елшімді.
Үнсіз ғана еңбек еттім ерінбей,
Түнделетіп қара өлеңге тер сіңді.

Түн ішінде жалғыз қалып шеріммен,
Қияндағы қиялдарға берілгем.
Өлең деген жанның тылсым сыры ғой,
Бір ұялшақ қыз сияқты көрінген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғарыш жақтың сәулесі өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Ғарыш жақтың сәулесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғарыш жақтың сәулесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірғали Көпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғарыш жақтың сәулесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері