Жайық – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Жайық» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым,
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын.

Сырғып аққан сынаптай
Сабырлы өзен, салқын су,
Толқыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.

Қанаттанып жағаңда
Еді-ау бір кез ол ұшқан,
Сол бір аққу мен едім,
Келіп тұрмын алыстан.

Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын
Келмеуші ме ем ән шырқап...

Ойын, күлкі әзілмен
Бойыңда өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.


Пікірлер (1)

мұхит әлия

сіздін олендериниз баскалардан озгеше оте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайық өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Жайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері