Қой күзетінде

Бұл бетте «Қой күзетінде» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 990
Сәбидей шыға алмаған жөргегiнен,
Бұлттағы Ай көмек күттi жерде кiмнен...
Сары шалдың тарамдаған сақалындай
Ошақта от күйбеңдейдi жел лебiмен.
Сындырып сытырлата қу ағашты
Сүйедi от сұр мосыны – ұяласты.
...Мосыға бала жұлдыз үңiле қап,
Жосыла шоғырына тұра қашты.
Табиғат мүлгiп кеткен шақтарда бұл
Жан тыншып, көңiл шiркiн сақтар сабыр.
...Қарайды сырғалы аспан қырдан қашқан
Өзеннiң тау өзегiн ақтарғанын.
Ойдағы қойтастардай ошарылып,
Тоғайлы отар жатыр таса қылып.
Қасымда қойшы жiгiт «шәйт!» деп қояр,
Түнектен түнгi үндердi тоса тұрып.
Сүрлеу жол, шаршаған-ау, жүгiрмейдi,
Суатқа басын қойып күлiмдейдi.
«Таң жақын, қалғыма» деп iрге жақтан
Құба тал бiр есiнеп күбiрлейдi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қой күзетінде өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қой күзетінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қой күзетінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қой күзетінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері