Бала кез. Ауыл таңы – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Бала кез. Ауыл таңы» атты Нұржан Қуантайұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2015
Бусанған белдер бұлдыр сағымға керiлiп,
Итарқа қидан итшiлеп шыққан жел үрiп.
Малын сау уға мамырлай басса жеңгейлер,
Бақташы жiгiт барлыға «бол!» деп демiгiп.
Шырынға қонған шыбынша құрып көп базар,
Тоғайдың басы торғайлар келiп топтасар.
Оянып сонда ой жаққа қарай жөнелер
Қақырып қойып құманын алған қатпа шал.
Беймаза ескек белдердi асып тыншыға,
Ызғардың таңғы ырықсыз тiлi құмығып.
Қойнауда жатқан қонақжай ауыл күн шыға
Қоңыр тiрлiктiң қомына кетсе iлiнiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала кез. Ауыл таңы өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бала кез. Ауыл таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала кез. Ауыл таңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала кез. Ауыл таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері