Қоңыр күз – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Қоңыр күз» атты Нұржан Қуантайұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2477
Сол баяғы күйкi тiрлiк бiтпейтiн,
Қара кемпiр қараша үйiн құт дейтiн,
Қара ұлы келген басып Ауғанды,
Қара көз қыз кеткен қашып күтпейтiн...
Қара кемпiр сағынады қара ұлын:
«Кұдай жар боп, аман жүрсiн жарығым,
Қан майданнан келе салып, асығыс
Қала кеттi оқимын деп нау ұлым».
Аспан көкте төңкерiлiп ыстық күн,
Ақша бұлттар түтiндей мүштiктiң.
«Өкпесiнiң дертi қысып кетпей ме?»
Өкпек желi соғып тұрды түстiктiң...
Қара жонға бiрде түсiп, бiр шығып,
Қозы-лағын iздер кемпiр ұмсынып,
Күйi кеткен коңыр күздiң күн суып,
...Күйкi тiрлiк, сол баяғы тiршiлiк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр күз өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері