Әділ билік

Бұл бетте «Әділ билік» атты Тайыр Жомартбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1978
Келіп бидің алдына:
Қасапшы майшы жүгінді.
Қылып жүрген кәсібі
Киімінен-ақ білінді.
Қасапшының үсті қан,
Майшы киімі бәрі май.
Бажылдасып екеуін
Бір-бірімен ұрысқан:
«Сен – ұрысың!»
«Сен – ұры!» –
Деп, жындары құрысқан…
Қасапшының сөзі:
– Алмаққа келдім май сатып,
Берейін деп ақшасын,
Қалтамнан алып, тіл қатып.
Ол жармасты қолыма,
Ақшамды тартып алмаққа.
Өкім-зорлық қылды бұл,
Келдім тезге салмаққа.
Майшының сөзі:
– Май алды бұл бір қарын,
Ұстадым да қажетін,
Артығының бердім мен бәрін.
Өз ақшамды қобдиға
Әлгі жерде мен салдым.
Қасапшы қолды созды да,
Ала қашты, таң қалдым.
Ұстап алып көшеден,
Міне, тұрмын сізге кеп.
Нақақтан кетсе несібем,
Қаламын да уайым жеп…
Би білдірді тілекті:
– Ақшаны қалдыр сен мұнда.
Ертең айтам билікті,
Сонда келіп сөз тыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әділ билік өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жомартбаев — осы өлеңнің авторы.

Әділ билік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әділ билік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жомартбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әділ билік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері